Полиция департаменті екі қызметкерінің ұсталғанын растады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оларды Алматы Полиция департаменті мен ҰҚК департаменті ұстаған. Күдіктілерге пара алды деген айып тағылып отыр.
«Алматы Полиция департаменті өз қызметіндегі кез-келген сыбайлас жемқорлық фактілерін көтермейді. Сол себепті қолданыстағы заң аясында объективті, жан-жақты тергеу жүргізіледі», - деді ведомство.
Аталған іс бойынша жедел-тергеу шаралары жалғасуда.