5 минуттық белсенділік 30 минуттық жаттығуды алмастыра алады – зерттеу

5 минуттық белсенділік 30 минуттық жаттығуды алмастыра алады – зерттеу
сурет: istockphoto.com
444

Уақыты жоқ адамдарға жақсы жаңалық: күніне 5 минут белсенділік 30 минуттық жаттығуды алмастыра алады.

Зерттеу нәтижелері бойынша, бар болғаны 5 минуттық физикалық белсенділік ұзақ жаттығулармен бірдей әсер береді. Метроға қарай жүгіру, үй тазалау немесе кофе ішуге бару сияқты қысқа мерзімді әрекеттер жүректі нығайтып, қан қысымын тұрақтандыруға көмектеседі екен.

Сондай-ақ, 20-27 минуттық немесе 10-15 минуттық қосымша жаттығу систолалық және диастолалық қысымның клиникалық тұрғыда айтарлықтай төмендеуіне әкеледі екен.

Зерттеу деректері қан қысымын бақылауда ұстау үшін аз мөлшердегі жаттығудың да маңызын көрсетіп, күнделікті өмірде шағын белсенділіктің де пайдасы бар екенін айқындайды.

Серіктес жаңалықтары