Павлодарда 100 жылға жуық тұрған Лениннің ескерткіші қирап қалды

Лениннің бұл ескерткіші 1928 жылы 1 шілдеде ашылған болатын.

Павлодарда 100 жылға жуық тұрған Лениннің ескерткіші қирап қалды
скриншот
337

«Балалық шақ» саябағында 7 қарашадан 8 қарашаға қараған түні қатты дауыл салдарынан Ленин ескерткішіне шырша құлап, қирап қалған, деп хабарлады turkystan.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ескерткіш қалпына келтіруге жарамайды.

Лениннің бұл ескерткіші 1928 жылы 1 шілдеде Астана-Толстой көшелерінің қиылысындағы бұрын Казак алаңы деп аталған жерде ашылды.

«Ескерткіштің тұрғанына 100 жыл тақап қалған еді. Оның қасында 67 жыл өскен ағаш бұрындары отырғызылған төрт шыршадан аман қалған жалғыз шырша болатын. Қазіргі уақытта құлаған ағашты кесу және тазалау жұмыстары аяқталды. Келесі аптада тұғыр бөлшектеледі. 1928 жылы Араб әрпімен жазылған бірегей жазуы бар тақта сақталады. Алдағы уақытта жұртшылықпен жан-жақты талқыланып, бұл жерде не орналасатыны туралы шешім қабылданатын болады»,– деді қала әкімінің орынбасары Светлана Гладышева.

Оның айтуынша, соңғы рет ескерткішті қайта құру 2022 жылы жеке инвесторлардың есебінен жүргізілді.

«Қазірдің өзінде, біз сол жерде іргетастың жойылғанын көрдік. Яғни негізгі металл корпустың бірнеше ақаулары болған. Сондықтан құрылым ауа райына төтеп бере алмай, мұндай жағдай орын алды»,– деді Светлана Гладышева.

Көне ескерткіш мәдени мұралар мен ескерткіштер тізілімінде көрсетілмеген.

Серіктес жаңалықтары