778
Орал қалалық сотының төрағасы 10 тәулікке қамалды
Бұған дейін оны 1,5 млн теңге пара алып жатқан кезінде ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Еске салайық, 5 қазан күні Руслан Жұмағұловпен бірге екі адвокат ұсталған болатын. 1,5 млн теңге сотталушыға қатысты оң шешім шығару үшін берілген.
Руслан Жұмағұловты тұтқындауға санкция беру туралы өтінімді Астана соты қараған. Астана сотының баспасөз қызметінің мәліметінше 2024 жылдың 6 қарашасында аға тергеуші Руслан Жұмағұловты 10 тәулікке қамауға санкция беру туралы өтініш түсірген.
Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Руслан Жұмағұловты қамауға алу туралы санкция шығарды. Ал адвокаттарға қатысты материалдар тергеу сотына түспеген.