203
Семейдегі балабақша тәрбиешісі балаларды ұрып-соққан
Сондай-ақ, сегіз ата-ананың өтінішімен тәрбиешіге 140-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Семей қаласының мектепке дейінгі мекемелерінің бірінде баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан шеттетілді.
Сондай-ақ, қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, сегіз ата-ананың өтінішімен тәрбиешіге 140-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы «SEMEI TV» телеарнасы жазды.
Ата-аналардың айтуынша, тәрбиеші балаларды әріп білмегені үшін және басқа бағдарламаны меңгере алмағаны үшін ұрып-соққан. Балабақша әкімшілігі ұсынған видео ата-аналардың бұл сөзіне дәлел болды.