Алматы облысында екі көлік соқтығысып, 8 адам мерт болды

Алматы облысында екі көлік соқтығысып, 8 адам мерт болды

Алматы облысында екі көлік соқтығысып, 8 адам мерт болды
ашық дереккөзі

Алматы облысындағы трассада екі жеңіл көлік соқтығысқан. Жол апатынан сегіз адам мерт болып, бір бала тірі қалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлады. 

Жол апаты Еңбекшіқазақ ауданында 23 наурыздан 24 наурызға қараған түні Алматы — Көкпек — Көктал трассасының бойында болды. Қазақстан ауылының маңында Nissan Primera мен Toyota Vista көліктері соқтығысқан. Апат салдарынан 8 адам қаза тапты, оның ішінде екеуі - 2015 және 2017 жылы туған балалар. Тірі қалған сегіз жасар бала ауруханаға жеткізілді. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, сараптама тағайындалды.