312
Ақтөбе мен Жамбыл облысындағы трассаларда қозғалыс шектелді
Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа-райы бұзылып, жел күшейді.
Осыған байланысты Ақтөбе облысындағы екі трасса учаскелерінде қозғалыс шектелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше 6 қараша күні кешкі сағат 17:00-ден бастап Самара – Шымкент республикалық тас жолының Ақтөбеден Қарабұтақ елдімекеніне дейінгі учаскесінде жүк көліктері мен қоғамдық көліктердің жүруіне шектеу енгізілді.
Сондай-ақ Жамбыл облысында да республикалық трассалардағы қозғалыс шектелді. Атап айтқанда бүгін кешкі 16:00-ден бастап 7 қараша күнгі таңғы 04:00 дейін Алматы – Ташкент – Термез тас жолының Айша-Бибі елдімекенінен бастап Түркістан облысының шекарасына дейінгі учаскесінде барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Ауа-райы жақсарса қозғалыс қайта қалпына келеді.