274
Қазақстанның жас боксшылары әлем чемпионатында 17 медаль алды
Жас боксшылар әлем чемпионатында топ жарды.
22 қазан мен 3 қараша аралығында Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионаты қазақстандық боксшылар үшін сәтті аяқталды. Біздің құрама осы турнирде алғаш рет жалпы есепте бірінші орын алды.
Қазақстан құрамасының нәтижесі: 6 алтын, 1 күміс, 10 қола.
Алтын медаль алғандар:
- Боранбек Бексұлтан (51 келі)
- Төрехан Сабырхан (67 келі)
- Өнер Сейілхан (71 келі)
- Санжар-Али Бегалиев (75 келі)
- Елянур Турганова (50 келі)
- Аружан Зейноллаева (81 келі)
- Бұл – құрама тарихындағы ерекше жетістік!
Жалпы есеп:
- Қазақстан — 6 алтын, 1 күміс, 10 қола
- Өзбекстан — 5 алтын, 5 күміс, 3 қола
- Ресей — 5 алтын, 2 күміс, 1 қола
- Қытай — 3 алтын, 3 күміс, 4 қола