сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Қыста қазақстандықтар неше күн демалатыны белгілі болды

/
istockphoto.com
30 және 31 желтоқсан жұмыс күндері болады

Алдағы қыс айларында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қоса есептегенде 29 күн демалады.

Атап айтқанда, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні дүйсенбіге сәйкес келеді. Сондықтан бес күн жұмыс істейтіндер қатарынан үш күн, яғни 14,15,16 желтоқсан күндері демалады. 

Ал 30 және 31 желтоқсан жұмыс күндері болады. 2025 жылдың 1 және 2 қаңтарында қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесіне орай екі күн демалады. 3 қаңтар, жұма – жұмыс күні. 

Сондай-ақ 7 қаңтар – православиелік Рождество үшін отандастарымыз сейсенбі күні бір күн демалады. 

Бөлісу: