269
Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінісі тіркелді
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 2 қарашада Астана уақытымен 10:50-де жер сілкінісін тіркеді.
Мәлімет бойынша, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде орналасқан.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Жер сілкінісін Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол және Кеген ауданы Кеген ауылдарының тұрғындары сезген, 2 балл.