«Шабуыл жасалды»: Жұлдыз Әбдікәрімова басынан өткен жайсыз жағдайды жайып салды

Жұлдыз Әбдікәрімова қолайсыз жағдайға тап болғанын айтты.

«Шабуыл жасалды»: Жұлдыз Әбдікәрімова басынан өткен жайсыз жағдайды жайып салды
963

Белгісіз адамдар актрисаның әлеуметтік желідегі парақшасына шабуыл жасаған, деп хабарлады turkystan.kz.
 

«Кеше Түркістаннан Алматыға ұшаққа отырғанда бәрі тыныш еді. Бір жарым сағат әуе жолда интернет болмайтыны түсінікті. Жерге қонған бойда «10 аккаунттан шағым түсіріліп, сіздің инстаграм парақшаңыз бұғатталды» деген хабарлама келді. Мен шұғыл командама хабарласып, парақшаны қайтаруды тапсырдым. Бұл біз үшін қиын емес. Бұған дейін маған анонимді түрде талай шабуылдар жасалған. Әсіресе, соңғы уақытта»,  – деп жазды актриса.

Сондай-ақ ол өзін ешкім де мұндай әрекетпен қорқыта алмайтынын, ақпараттарды жариялау үшін инстаграмнан басқа YouTube, Facebook, TikTok, Telegram, одан қалса ресми БАҚ, телеарналар мен сайт басылымдары бар екенін атап өткен.

«Шабуыл жасаушыларға ресми шағым түсіріліп, мән-жай анықталуда. Осыдан кейін екінші парақша ашамын деп шешім қабылдадым. Барлығын алдағы уақытта хабарлаймын. Ал сот мәселесіне келсек, соңына дейін баратынымды қайталап айтамын. Ешқандай лауазымды тұлға, билік басындағы адамдардың араласуы мені тоқтатпайды! Сондай-ақ бірінші, екінші отырыста қаралмаған дәлелдер үшін де жауап талап етемін!», – делінген Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасында.

Серіктес жаңалықтары