363
Ұлытау облысында 11 әкімге қатысты іс қозғалды
Ұлытау облысының прокуратурасы экологиялық заңнаманы сақтамағаны үшін 11 әкімге қатысты әкімшілік іс қозғады.
Тексеріс нәтижесінде 66 кәсіпорынның экологиялық бақылауға қатысты міндетті есептерді ұсынбағаны анықталды. Ол кәсіпорындардың қатарында жергілікті коммуналдық компаниялар, жер қойнауын пайдаланушы компаниялар бар.
Олар Экологиялық кодекстің 184-бабын бұзған. Бұл өңірдегі қоршаған ортаның ахуалын объективті бағалауға кедергі келтіреді.
Бас-аяғы 125 бұзушылық анықталған. Бұл бұзушылықтар бойынша Жаңаарқа ауданының ауылдық округтерінің әкімдеріне қатысты 20 әкімшілік іс қозғалған.
Оған қоса прокуратура Экология департаментінің, ветеринария, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының басшыларын жауапқа тартқан.
Жауапты тұлғаларға 4,6 млн теңге айыппұл салынған. Айыппұл толықтай өтелген.