«18-19 жасымда бір күнде алты тойға шығатынмын» – Зарина Омарова

Өнер иесі әр тойға мың долларға шыққан кезін еске алды.

«18-19 жасымда бір күнде алты тойға шығатынмын» – Зарина Омарова
скриншот/YouTube
416

«Жангүлім» әнінің орындаушысы, әнші Зарина Омарова «Мамский әңгіме» подкастында алғаш рет өнерден тапқан табысын жайлы айтып берді.

Өнер иесі әр тойға мың долларға шыққан кезін еске алды.

«18-19 жасымда бір күнде алты тойға шығатынмын. Әр тойға шығатын гонорарым мың доллар еді. Ол кезде бүкіл жерде мен хитпін. «31 арна», Hit TV бәрінде мен жүретінмін. «Алғашқы махаббат» әні шықты. Ерекше бейнебаянды Ташкентке барып, 20 мың долларға түсірдік. Сондай бір керемет кез еді. Ол кезде қыз әншілер, жас әншілер аз болатын. Дильназ екеуміз бар едік. Мадиналар енді-енді өнерге келе бастаған кез. Мен "Әнші балапаннан" бастап, «Жас қанат», «Азия дауысы» деген бүкіл конкурсқа қатыстым. Ол кезде екінің бірі «Тамашаға» шыға бермейтін. Ол кезде әкемнің аты дүрілдеп тұрған кез. Оның баласы болғаннан кейін бізге екі есе жауапкершілік артылатын. Әкеңнің арқасында сахнада жүрмегеніңді, шын мәнінде жақсы әнші екеніңді дәлелдеуің керек. Дауысым бар екенін, кез келген жерде жанды дауыста ән айта алатынымды дәлелдеуім керек болды», – деді әнші.

Мектеп бітірмей жатып, табысты болған әнші небәрі 17 жасында өзіне қажет дүниенің бәрін алып үлгерген көрінеді.

«16-17 жасымда адамдардың назары, атақ, ақша жан-жақтан құйылып кетті. Ол кезде енді мектеп бітірейін деп жатқанмын. Кейін ақшаның бәрін шашып ұстадым. Ешнәрсеге өкінбеймін. Кейінірек банкке ақша жинап бастадым. Одан кейін тұрмысқа шыққанда ата-анама ауырлық салмаймын деген шешім қабылдадым. Бір жағынан есейіп, өмірге басқаша көзқараспен қарадым», – деді эстрада жұлдызы.

Серіктес жаңалықтары