«100 млн теңге жұмсадық»: Айнұр Тұрсынбаева қиын жағдайға тап болғанын айтты

«100 млн теңге жұмсадық»: Айнұр Тұрсынбаева қиын жағдайға тап болғанын айтты
instagram
803

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева елге оралғанда жеке парақшасын хакерлер бұзып алғанын мәлім етті.

Оның сөзінше, парақшаны қайтару үшін 1-3 миллион аралығында қаржы төлеу керек болған.

«Бір сәт! Өмір деген қызық, иә... Арғы күні ғана инстадан жарқырап шығып, ертең керемет хабар айтамын деп отырған едім.. Ертесіне оянсам, инстаграмым жоқ. Хакерлер бұзып тастапты. Үлкен проект бастағанбыз, бүкіл масштабқа шыққан мықтыларды жинағанбыз, 100 миллионнан аса қаржыны жұмсап тастағанбыз. Парақша жоқ. Проект далада қалды. Хакерлерге шықтық. Парақшаны қайтару құны 1-3 миллионның арасында деді. 2013 жылдан бері 4 миллион 1 жүз мың оқырман жиналған екен. Қаншама Аллаға тапсырдым десем де, жүрек құрғыр дүрсілдеп, жылағым келді.. Бұл да бір отбасым еді ғой деген қимастық жанымды ауыртқаны рас», – деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары