215
Биылғы 9 айда Қазақстанда 91 мың автокөлік шығарылды
Бұл туралы Қазақстанның автокөлік одағының президенті Анар Мақашева айтты.
Ол Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автомобиль жасау саласының дамуы туралы баяндады.
Отандық автоөнеркәсіп бүгінде көлік құралдарын шығаратын сегіз кәсіпорыннан тұрады. 2024 жылдың 9 айында Қазақстанда 91 мың бірлік автокөлік құралдары өндірілді, бұл ретте өнеркәсіптік өндіріс индексі 86,7%-ды құрады.
«Жалпы машина жасау саласындағы автомобиль жасау үлесі 39,4%-ды құрады», — деді Анар Мақашева.