236
Жамбыл облысында 2 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады
Бұл ақпаратты Жамбыл облысының полиция департаменті растады
Жамбыл облысының Түймекент ауылында екі жасөспірім суицид жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл ақпаратты Жамбыл облысының полиция департаменті растады. Осы фактілер бойынша Байзақ ауданының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу бастаған.
«Оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін қажетті кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», - деп мәлімдеді ПД.