«Дарақылық»: тойхананың есігіне түйе кептетіліп қалды

Онсыз да тойда мал болатындар көп қой, - дейді ол

«Дарақылық»: тойхананың есігіне түйе кептетіліп қалды
фото: видеодан скриншот
987

Журналист Гүлмира Әбіқай Instagram-дағы парақшасына түйесін тойхана есігінен кіргізе алмай тұрған адамның видеосын жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Видеода тойхана есігінен әрең өткен түйенің сатыдан төмен қарай ақырындап түсіп бара жатқанын да көруге болады.

Тойды несиеге шашылып жасап, оған бару үшін де қарыздану дұрыс емес, меніңше. Ал мынадай дарақылықты мүлде қою керек! Не болды ал? Тойхана есігіне кептеліп, кіре алмай, кері қайтқан атан түйенің видеосын көріп, ішім ашып отыр. Тойға малсыз-ақ, өзіміз кіре берейікші, а? Онсыз да тойда мал болатындар көп қой, - деп жазды әріптесіміз.

Бұл видеоға қатысты желі қолданушылары да жаппай реакция білдіріп жатыр.

Тілі болса, түйе де бізді боқтар еді-ау», «Қазақ қашан дарақылықты қояды екен?», «Малды қорлау ғой. Түйеге обал болды-ау», «Сол той өткізу үшін миллиондап кредит алады, ақымақтық нағыз. Ақшасы болмаса, кішігірім етіп жасауға болады, азырақ адамға. Жыртылып, 200-300 адам шақырады, шығынын жинап алу үшін» дегендей сыни пікірлер көп.

Серіктес жаңалықтары