«Армандарымен бөліскен еді»: Дина Төлепберген марқұм ақынға әсерлі жазба арнады

Дина Төлепберген ақын Құрманай Бахтиярқызының қазасына жабырқаулы.

«Армандарымен бөліскен еді»: Дина Төлепберген марқұм ақынға әсерлі жазба арнады
коллаж: turkystan.kz
822

Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген марқұм ақын Құрманай Бахтиярқызын еске алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ақын Құрманай Бахтиярқызы «Толғанай», «Алматының түндері-ай», «Вокзалда қауышқан қыз» хит әндердің авторы ретінде көшіліктің есінде қалады. Бұл туралы Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Жақында ғана Шымкентте бір дастарханда сүбелі сөздеріне тамсанып, таңдай қаққан едік. Ашық жарқын Құрманай ханым алдағы армандарымен бөліскен еді.
Тіпті, сұқбатқа қайта шақыруды ұсынғанда келетінін айтқан еді… Бірақ енді ол мүмкін емес…
Сақтай білсек сергелдеңде сабырын,
Тура жолға бағыттайды Тәңірім!
Мына өмірде біз білмейді екенбіз,
Тірі адамның қадірін…
Құдайым жаныңызды жәннаттан етсін, Қазақтың қаламы қарымды Құрманайы», - деп жазды журналист Дина Төлепберген.

 

Серіктес жаңалықтары