Пара үстел теннисі федерациясының жаңа президенті сайланды
Перизат Қайрат ҚР Пара үстел теннисі федерацияның жаңа президенті болып сайланды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Перизат Қайрат – ерекше көшбасшы және шабыт беретін қоғам қайраткері. Ол Газа секторында гуманитарлық көмек ұйымдастыруға қол жеткізген Орталық Азиядан шыққан жалғыз волонтер болды. Сондай-ақ, 2024 жылғы жойқын су тасқыны кезінде Перизат мыңдаған отбасыға көмек көрсетіп, қиын жағдайда қалған жандарды қолдауға ауқымды көмек ұйымдастырды.
Biz Birgemiz қоры аясында Перизат әлеуметтік осал топтардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асырды. Оның шынайылығы, табандылығы және адамдарға деген қамқорлығы оны көпшілікке үлгі етеді.
Оның жетекшілігімен ҚР Пара үстел теннисі федерациясы жаңа биіктерге жететініне және инклюзивті, баршаға қолдау көрсететін мекеме болатынына сенімдіміз. Жаңа жобада табыс тілейміз!», - делінген хабарламада.