Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Нәрестелерге Хасан, Фатима, Хусан деген есімдер берілді.

Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Түркістан облысының әкімдігі
304

Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында үшем өмірге келді, деп хабарлады turkystan.kz.  

27 жастағы Назима Эгамбердиева екі ұлынан кейін екі ұл мен бір қызды дүниеге әкелді.

Нәрестелерге Хасан, Фатима, Хусан деген есімдер берілді. Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы бүгін үйге шығарылды. Көпбалалы отбасы атанған жанұя Сайрам ауданы Ақсу елді мекенінде тұрады.

Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни, жүктіліктің 34-аптасында жоспарлы кесір тілігі арқылы дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 2 кг 430 грамм, екіншісі 2 кг 490 грамм, үшіншісі 1 кг 730 грамм болды. Алғашында нәрестелерге медициналық көмек қажет болған.

Дәрігерлердің айтуынша, үшемдер туған кезде аппаратта жатқан. Оларды алғашқы күндері жоғары күтімге мұқтаж нәрестелер бөлімшесінде ақ халаттылар бақылаған. Қазіргі таңда нәрестелердің жағдайы жақсы, медицина қызметкерлерінің көмегінен соң үшемдер жақсы салмақ қосып, ана сүтін қанағаттарлықтай еміп жатыр екен.

Серіктес жаңалықтары