Қазақстандық жас бишілер Түркиядағы жарыста 3 бас жүлде иеленді

Қазақстандық жас бишілер Түркиядағы жарыста 3 бас жүлде иеленді
408

Қазақстандық жас бишілер Ыстамбұл қаласында өткен «Түрік әлемінің жібек жолы» атты халықаралық балалар шығармашылық фестивалінде топ жарып, гран-при мен жүлделі орындар иеленді.

Түркия Республикасы құрылғанына 101 жыл және Қазақстан тәуелсіздігінің 33 жылдығына орай ұйымдастырылған фестивальге Түркия, Өзбекстан, Қазақстан және Ресей елдерінің өнерпаздары қатысты.

Тартысқа толы бәсекеде «Onpai» балалар даму орталығының «Қос алқа» ансамблі «Халық би» номинациясы бойынша топтық орындауда 2 бас жүлде иеленді. Сонымен қатар, жеке орындауда Белжан Рукайя бас жүлде иегері атанса, Ерғалиева Адия мен Сәрсембаева Дильназ қос 1-орынды иеленді. Осылайша, педагог-хореограф Исмағұлова Гауһарның шәкірттері аталған халықаралық сайыста көпшіліктің көзайымына айналып, Қазақстан қоржынына бірнеше жүлдені салды.

Аталған фестивальді өткізудегі басты мақсат – түркі тілдес елдердің арасындағы мәдени байланысты нығайту.

 

Серіктес жаңалықтары