Мәди Такиев волейбол федерациясының президенті болып сайланды

Алматыда Қазақстан волейбол федерациясының (ҚВФ) қорытынды есеп беру конференциясы өтті.

Мәди Такиев волейбол федерациясының президенті болып сайланды
Автор
Админ
175

Сол жиында Мәди Такиев ұйымның жаңа президенті болып сайланды.

Мәди Төкешұлы Нұртай Әбіқаевты алмастырып, федерацияны 2024-2028 жылдар аралығында басқаратын болады.

Бұл ретте отандық спорт қауымдастығының жаңа басшысы делегаттарға сенім білдіргені үшін ризашылығын жеткізіп, Нұртай Әбікаевқа федерацияның құрметті президенті болып, ҚВФ қамқоршылық кеңесін басқаруды ұсынды.

Сондай-ақ Мәди Такиев жиналғандарға Мемлекет басшысының еліміздегі спортты қаржыландыру саясатын қайта қарауды тапсырғанын еске салды. Айталық, клубтар мен федерациялар Қазақстанның шалғай өңірлеріндегі бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударып, демеушілердің тізімін қалыптастыруды бастауға тиіс. Бұған қоса федерация президенті жергілікті спортшыларды даярлауға жіті көңіл бөлу қажет екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары