Теміртауда алты адам жасөспірімді 3 мың теңге үшін соққыға жыққан

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтап жатыр

Теміртауда алты адам жасөспірімді 3 мың теңге үшін соққыға жыққан
instagram.com/temirtau.times/
466

Теміртау қаласында алты адам бір жігітті соққыға жыққан. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz azattyq ryhy-на сілтеме жасап.

«Кеше інімді алты адам аяусыз соққыға жықты. Белгісіз адамдар оның үстіне секіріп, алтауы бірге бір адамды ұрды. Мұрнын сындырып, құлағынан қан аққан, бас миы шайқалып, саусағы мен тісі сынған. Олардың мақсаты — інімді тонау болды. Небәрі 3 мың теңге үшін осындай қатігездік жасады», — деді жәбірленушінің әпкесі.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жәбірленуші полицияға арыз түсірмегенін хабарлады. Дегенмен аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары