Астанада жол бойында көлік өртеніп кетті

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда

Астанада жол бойында көлік өртеніп кетті
Видеодан алынған кадр
366

Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді. "Нұра ауданы Ш.Айтматов көшесі бойында жеңіл автокөлік өртеніп кетті.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда", - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

 

Серіктес жаңалықтары