239
Астанада асық атудан өткен алғашқы ашық турнирдің чемпионы автокөлікке ие болды
Турнирдің финалдық кезеңіне 40 спортшы жолдама алды
Асық атудан Республика күніне орай Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде алғаш рет ашық турнир ұйымдастырылды.
Турнирдің финалдық кезеңіне 17 облыс, 3 мегаполистегі іріктеудің қорытындысы бойынша, 21 жастан асқан 2 мыңға жуық қатысушының арасынан 1-2 орын алған 40 спортшы жолдама алды.
Әнуарбек Нұржігіт JAC темір тұлпарын тізгіндесе, күміс жүлдегер Нұрлан Жомарт 1 000 000 теңге сыйақы алды. Ал қола жүлдегер Ғарышбек Құлыбек 500 000 теңге сыйақымен марапатталды.