252
Астанада Республика күні 16 сәби дүниеге келді
Оның - алтауы қыз
Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.
Нәрестелердің арасында ұлдар басымдыққа ие болды. Бүгін 16 сәби дүниеге келсе, оның - алтауы қыз.
Қалалық перинаталдық орталықта аналарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен елордалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Әлия Рүстемова және облыс әкімінің орынбасары құттықтады.