Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Тағайындалғанға дейін Индер ауданының әкімі лауазымын атқарған.
Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Дарын Шамұратов М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «география» мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі:
02.2009-05.2009 жылдар аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманның міндетін уақытша атқарушы
05.2009-12.2009 жылдар аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
12.2009-09.2012 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы
09.2012-25.10.2012 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі
10.2012-08.2017 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы
08.2017-04.2021 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімінің аппараты, аудан әкімінің орынбасары;
04.2021- 14.2022 жылдар аралығында Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Тағайындалғанға дейін Индер ауданының әкімі лауазымын атқарды.