Шымкентте есірткі зертханасы жойылды

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Шымкентте есірткі зертханасы жойылды
Автор
Админ
199

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп, синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананы анықтады.

Есірткі заттарының кезекті партиясын дайындап жатқан кезде Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

10 кг жуық дайын және 60 литр «а-PVP» сұйық психотроптық заты мен 240 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

 

Серіктес жаңалықтары