252
Ұлытау облысында бензин тапшылығы туды
Облыс әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады.
Жанар-жағармай құю бекеттеріне уақытылы шикізат жеткізілмеуіне байланысты уақытша тапшылық туындаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бүгін түнде 2 вагон, келесі күндері, апта соңына дейін 16 вагон жанғыш-майлағыш материалдарының жеткізілуін күтіп отырмыз», - делінген әкімдік хабарламасында.
Қабылданған шараларға сәйкес 23 қазанда жанар-жағармайға қатысты жағдай тұрақталады. Жанар-жағармай құю бекеттеріндегі шектеу алынып тасталады.