Қызылорданың прокурорлары инвесторға көмек көрсетті

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Қызылорда облысының прокуратурасы инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асыруда.

Қызылорданың прокурорлары инвесторға көмек көрсетті
istockphoto.com
269

Өңірде «Бисенәлі» ЖК-мен наубайхана мен қоймалардың құрылысын салу инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда.

Инвестиция көлемі 300 млн теңгені құрайды, оны іске асыру 28-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Қазалы ауданының прокуратурасы «Әйтеке би кентінің әкімдігі» инвестордың жер учаскесін пайдалану мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартқаны анықтады.

Жергілікті атқарушы орган жер пайдалану құқығын ұзарту туралы өтініш беру мерзімі аяқталды деп қате есептеген.

Прокуратураның қадағалау актісінің негізінде жерді пайдалану мерзімі ұзартылды және кінәлі қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Серіктес жаңалықтары