Депутат Дәулет Мұқаев мектеп оқушыларына ұлттық киім сыйлады

Республика күніне орай депутат оқушылар сый тарту етті.

Депутат Дәулет Мұқаев мектеп оқушыларына ұлттық киім сыйлады
сурет ашық дереккөзден алынды
399

Танымал блогер, депутат Дәулет Мұқаев Астанадағы мектептің бірінде оқушыларға ұлттық киім кигізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Депутат жыл сайын ұлттық киім киюді дәстүрге айналдырғанын мақтанышпен жеткізді. Оның айтуынша, жыл сайын ұлттық киім киетін сыныптар қатары көбейіп жатыр екен.

«Республика күніне орай, Астана қаласындағы 89 мектеп лицейінің 1В сынып оқушылары толығымен Ұлттық нақыштағы киімге өтті. Өзім демеушілік танытып, @altynsapa дизайнын жасап, 28 балаға сыйлық жасадық. Әрі бұл мектеп жұма сайын «Ұлттық киім» киюді екінші жыл дәстүрге айналдырды. Ол бастаманы да өзім бастағанмын деп мақтанышпен айта аламын. Естеріңізде болса, 3 оқитын қызымның сыныбын киіндірген едім. Ол кезде олар 2 сыныпта оқитын. Қазір осылай ұлттық киім киетін сыныптар қатары көбеюде», - деп жазды депутат Дәулет Мұқаев.

 

 

Серіктес жаңалықтары