Түркістан әуежайында Германия азаматы ұсталды

Полицейлер Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған 71 жастағы Германия азаматын анықтаған.

Түркістан әуежайында Германия азаматы ұсталды
Polisia.kz
267

Түркістан әуежайында қос азаматтығы бар германиялық әйел ұсталып, оған айыппұл салынды.

Полицейлер Түркістан – Стамбұл бағытындағы әуе рейсіне тіркелу кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған 71 жастағы Германия азаматын анықтаған.

«Тексеру барысында ұсталған әйелден Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының қос азаматтығы анықталды. Көлік полицейлері оған қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырып, материалды сотқа жолдады», - делінген полиция хабарламасында.

 Түркістан облысының мамандандырылған әкімшілік соты оны кінәлі деп танып, 140 АЕК (516 880 теңге) айыппұл салды.

Айта кетейік, көліктегі ПД «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Осы ЖПІШ барысында ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 143 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ сот қаулысымен 19 шетелдік елден шығарылды.

Серіктес жаңалықтары