Қуат Хамитов дағыстандық спортшымен жекпе-жек өткізеді

Ол 27 желтоқсан күні өтетін AllStarsBoxing кешінде танымал дағыстандық спортшы Мариф Пираевке қарсы жұдырықтасады.

Қуат Хамитов дағыстандық спортшымен жекпе-жек өткізеді
instagram
151

Аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов кезекті рет кәсіпқой бокстың шаршы алаңына шығады.

«Найман» лақап атымен танылған аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Ол 27 желтоқсан күні өтетін AllStarsBoxing кешінде танымал дағыстандық спортшы Мариф Пираевке қарсы жұдырықтасады.

Қос спортшы да ММА спортының өкілі болса да, бокс ережесімен жекпе-жек өткізуге келісімін берген. Бұған дейін екеуі ММА спортында жекпе-жекке шығып, Мариф Пираев жеңіске жеткен еді.

Айта кетейік, AllStarsBoxing-тің алғашқы турнирінде Қуат Хамитов жақын досы Нұрберген Шариповке қарсы жұдырықтасып, жеңіске жеткен еді.

Серіктес жаңалықтары