222
Жетісу облысында бюджеттен 74 млн теңге жымқырғандар сотталды
Прокурорлық тексеріс, объект іске қосылмағанын, ал бөлінген қаражат шығындалып кеткенін көрсетті.
Жетісу облысында Сарқан ауданының ТКШ бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры бюджет ақшасын ұрлағаны үшін сотталды.
Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры туристтік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға арналған 74,7 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған, - делінген Прокуратура таратқан хабарламада.
Прокурорлық тексеріс, объект іске қосылмағанын, ал бөлінген қаражат шығындалып кеткенін көрсетті.
Сарқан ауданының прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді.
Сот үкімімен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімдегі бас бостандығынан айыру жазаларына сотталды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.