316
Елордалық құтқарушылар 80 жастағы әженің пәтеріне бұзып кірген
Олар қарт кісіге көмектеспек болған.
1944 жылы туған қария бөлме ішінде құлап, орнынан тұра алмай қалған, деп хабарлады turkystan.kz.
«Сарыарқа ауданы М. Әуезов көшесі бойындағы пәтерлердің бірінде 1944 жылы туған қарт адам өз пәтерінде құлап, өздігінен тұра алмады. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аспалы құралдардың көмегімен есікті ашып, еденде жатқан әжені жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», - делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.