Адамды жұмыстың өзі емес, ұсақ-түйек шешімдер шаршатады – зерттеу

Адамды жұмыстың өзі емес, ұсақ-түйек шешімдер шаршатады – зерттеу
сурет: istockphoto.com
356

Адамды жұмыстың өзі емес, ұсақ-түйек шешімдер шаршатады.

Франциядағы Париж Миды зерттеу институтының ғалымдары мидағы химиялық заттардың деңгейін өлшеп, олардың күрделі тапсырмаларды орындауға тигізетін әсерін зерттеді.

Зерттеулер көрсеткендей, бізді шаршататын негізгі себеп – жұмыстың өзі емес, күнделікті қабылдайтын ұсақ-түйек шешімдер. Мысалы, не жеу керек екені немесе телефонды ұмытпай қуаттау сияқты қарапайым ойлар да мидың жұмысын күшейтеді.  

Ғалымдар мидың шешім қабылдау және қиын тапсырмаларды орындауға жауапты бөлігі – латеральды префронталды қыртысына назар аударды. Зерттеу барысында 2022 жылы 40 адам алты сағат бойы MRI аппаратында жатып, түрлі есте сақтау тапсырмаларын орындады. Қатысушылардың бірі экрандағы сандардың тізбегін бақылап, ағымдағы санның алдыңғы санмен сәйкес келетінін анықтауы керек болды. Бұл тапсырманың жеңіл нұсқасы 14 адамға берілді, ал 26 адамға қиыны ұсынылды.

Зерттеу барысында глутамат және мидағы тағы сегіз химиялық заттың деңгейі бірнеше сәтте өлшенді. Алайда зерттеу соңында екі топтың да латеральды префронталды қыртысындағы глутамат деңгейі тәжірибе басындағыдай болып қалды.

Бұл нәтижелер тапсырмалардың қиындығы емес, олардың саны миды шаршатып, когнитивті жүктемеге әкелетінін көрсетеді. Әрбір шешімнен кейін ми глутамат атты химиялық зат бөледі. Ол жинақталып, ойды "ластандырып", шаршауды күшейтеді.  

Мидың тепе-теңдігін қалпына келтіру үшін ұйқы немесе медитация көмектеседі. Ең бастысы – ойды тынықтырып, миды уақытша "өшіріп" үйрену.

Серіктес жаңалықтары