215
Жаңаөзенде компания құрамында мұнай бар сұйықтықты топыраққа төккен
ЖШС-ға айыппұл салынды.
Жаңаөзенде жергілікті компания топырақты мұнай өнімдерімен ластады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Заң бұзу фактісін прокуратура анықтады.
Тексеріс кезінде SAAT Group ЖШС мұнай құбырларын тазалауға пайдаланылған сұйықтықты топыраққа төккені белгілі болды.
«Зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша топырақтан алынған сынамаларда мұнай өнімдерінің қалдығы табылған», - деді прокуратура.
Компания экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 млн теңге айыппұл салынды.