«Астана Опера» театрында Майра Мұхамедқызының 30 жылдық мерейтойы өтті

Қазақстанның ең жарқын әрі ең беделді опера әншілерінің бірі Майра Мұхамедқызы сахнадағы 30 жылдық мерейтойын керемет концертпен атап өтті.

«Астана Опера» театрында Майра Мұхамедқызының 30 жылдық мерейтойы өтті
166

Концерт ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Майра Мұхамедқызы көрермендерге әлемдік және ұлттық репертуардағы туындылардан тұратын бірегей бағдарлама ұсынды.

Опера саңлағының орындауында Рихард Штраус, Ференц Лист, Петр Ильич Чайковский сынды ұлы композиторлардың операларынан ариялар, сондай-ақ концертке ерекше ұлттық бояу берген қазақ авторларының шығармалары шырқалды.

Серіктес жаңалықтары