178
Ақмола облысында азаматтығы жоқ 50-ге жуық адам анықталды
1 шілдеден бастап республика аумағында азаматтығы жоқ адамдарды анықтауға бағытталған кең ауқымды науқан жүргізіліп жатыр.
Ақмола облысы ПД КҚҚБ қызметкерлері азаматтығы жоқ адамдарды анықтау және олардың азаматтық тиесілігін анықтау мен құжаттандыру бойынша сәйкестендіру науқанын жалғастыруда.
Еске сала кетейік, осы жылдың 1 шілдесінен бастап республика аумағында азаматтығы жоқ адамдарды анықтауға және оларды құжаттандыруда құқықтық көмек көрсетуге бағытталған кең ауқымды науқан жүргізілуде.
Акция басталғаннан бері полицейлер азаматтығы анықталмаған 50-ге жуық адамды анықтады. Ақмола облысы ПД КҚҚБ ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Руслан Исимбаевтың пікірінше, бұл адамдарға консулдыққа жазылудың қажеті жоқ, жергілікті жерлерде барлық қажетті құжаттарды толтыруға және барлық қызметтер үшін оларға ақы төлеудің қажеті жоқ бірегей мүмкіндік.