Түркістандық спортшылар ескек есуден Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алды

Жарысқа 13 елден 268 спортшы қатысты.

Түркістандық спортшылар ескек есуден Азия чемпионатында 6 медаль жеңіп алды
Түркістан облысының спорт басқармасы
277

Түркістан облысының спортшылары академиялық ескек есуден Өзбекстанда өткен Азия чемпионатында 6 медаль алды. Бұл туралы облыстық спорт басқармасы мәлімдеді.

 10-13 қазан күндері академиялық ескек есуден Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 13 елден 268 спортшы қатысты.

Қазақстан құрамасының құрамында 35 спортшы болса, оның 12-сі Түркістан облысының өкілдері болды. W8+ командалық сайыста жерлестеріміз Мария Лебедева, Ангела Полянина, Мелани Жакупова, Валентина Волкодавова күміс медальға ие болды.

Ал LW4x бағдарламасында Кеңес Роза күміс жүлдеге қол созды. Сондай-ақ, қола жүлдегерлер қатарында Әділет

Керімбек LM2x, Қуаныш Бекбембетов LM4-, Ангела Полянина, Мелани Жакупова В4-, Галкин Владислав, M4x Чернухин Иван сынды таланттар бар.

Серіктес жаңалықтары