343
Ақ үй БҰҰ-дағы шығындарын 2 есе қысқартпақ
Ақ үй БҰҰ-дағы шығындарын 2 есе қысқартпақ
АҚШ Мемлекеттік департаментіне БҰҰ бағдарламасының бюджетіне төленетін Вашингтонның жарнасын екі есеге қысқартуды талап ету туралы нұсқау берілген. Бұл туралы Вашингтонның сыртқы саясат мәселелеріне мамандандырылған Foreign Policy журналы хабарлады.
Қазіргі таңда «АҚШ БҰҰ-ға жыл сайын 10 млрд доллар қаржы бөледі», деп хабарлайды ТАСС. Журнал Дональд Трамп республикалық әкімшілігінің бұл әрекетін халықаралық операциялардан, нақтырақ айтқанда балаларды екпемен қамтамасыз етуден, санкцияланбаған ядролық қаруға қатысты бағдарламаларды бақылаудан, Сириядан Йеменге дейін түрлі жерлердегі бейбіт келіссөздерді жүргізетін халықаралық операциялардан бас тартты деп бағалауда.
Мақала авторы бейсенбі күні Вашингтонда Мемлекеттік департамент, АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі мен басқа да шетелдік көмек көрсету бағдарламаларын, соның ішінде БҰҰ-ны қаржыландыруға кететін шығындарын 37%-ға дейін қысқартуға бағытталған АҚШ-тың жаңа федералдық бюджеті жобасының таныстырылуы тиіс екендігін еске салды.