Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors кубогын төртінші рет жеңіп алды

Ол финалда сербиялық Никола Йовичті 7:5, 6:1 есебімен жеңді

Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors кубогын төртінші рет жеңіп алды
ktf.kz
276

Шымкентте ITF J200 санаты бойынша жасөспірімдер арасындағы Shymkent Open турнирі аяқталып, Заңғар Нұрланұлы жеңімпаз атанды.

Ол финалда сербиялық Никола Йовичті 7:5, 6:1 есебімен жеңді.

Бұл – Заңғардың ITF Juniors турнирлеріндегі жекелей сында жеңіп алған төртінші жүлдесі. Ол бұған дейін Түркияда екі рет (J100 және J30) және Словакияда (J30) бір рет жеңіске жеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары