Қар, көктайғақ: Петропавлда 25 жол апаты тіркелді

Жалпы синоптиктер алдағы күндері күн қайтадан ашылады деп болжап отыр

Қар, көктайғақ: Петропавлда 25 жол апаты тіркелді
telegram.org/KOKSHETAUTODAY
318

Петропавлда қар жауып, жолдар көктайғаққа айналды.

Halyq Uni сайтының мәліметінше, қазір өңірдегі барлық бекетте ұзын-сонар кезек пайда болған. Сондай-ақ қаланың өзінде 25 жол апаты тіркелді. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.

Ауа райының күрт өзгеріп, температураның төмендеуіне байланысты елді мекендеріңізден шықпауға кеңес береміз. Сондай-ақ көліктеріңізді қысқы дөңгелектерге ауыстыруыңызды сұраймыз. Ауа райына байланысты жолда қашықтық режимін сақтауды ұмытпаңыз, - деді СҚО ПД Патрульдік полиция батальонының взвод командирі Жасұлан Сәдуақасов.

Түнгі уақытта жағдай ушығатын болса, полицейлер барлық бағыттағы жолдарды жауып тастауы мүмкін. Жалпы синоптиктер алдағы күндері күн қайтадан ашылады деп болжап отыр.

Серіктес жаңалықтары