Астанадан Көкшетауға дейінгі жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Петропавл» автожолының (18-304 шақырым аралығы) Астанадан Көкшетауға дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», - делінген хабарламада.
Ведомство бұл учаске 2024 жылғы 11 қазанда сағат 17:00-де жабылғанын мәлімдеді.