Баян Мақсатқызы тағы бір сотта Дана Орманбаеваны жеңіп шықты

Енді Дана Орманбаева Баян Алагөзоваға өтемақы төлеуі керек.

Баян Мақсатқызы тағы бір сотта Дана Орманбаеваны жеңіп шықты
Автор
Админ
362

Алматы соты Баян Мақсатқызының Дана Орманбаеваға қатысты бір талап-арызы бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дана Орманбаева әлеуметтік желіде продюсерге тіл тигізген.

3-6 сәуір аралығында Дана Орманбаева өзінің Instagram парақшасында Баян Мақсатқызын қорлайтын бірнеше жазба жариялаған.

Продюсер сотқа жүгінген. Орманбаеваның жас баласының болуы жазаны жеңілдетуші фактор ретінде қарастырылды. Сол себепті 20 АЕК немесе 73 840 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ моральдық өтемақы ретінде 500 мың теңге өндірілді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, Баян Мақсатқызы осымен екінші сотта жеңіп отыр. Бірінші сот қыркүйекте өткен. Ол кезде Орманбаеваны әлеуметтік желідегі абыройға нұқсан келтіретін ақпаратты өшіруге және Баян Алагөзоваға 500 мың теңге төлеуге міндеттеген.

Серіктес жаңалықтары