Мәскеу биржасы КASE акционерлерінің құрамынан шығады – Ұлттық банк басшысы

Ресей тарапы бұл шешімді қолдаған.

Мәскеу биржасы КASE акционерлерінің құрамынан шығады – Ұлттық банк басшысы
Ғаламтор
Автор
Админ
282

Мәскеу биржасы Қазақстан қор биржасының акционерлерінің құрамынан шығады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

«Мәскеу биржасының КASE акционерлерінің құрамынан шығуы туралы нақты шешім қабылданып, ол шешімді Мәскеу биржасындағы әріптестер қолдады. Бұл дұрыс әрі кәсіби шешім. КASE және Мәскеу биржасының арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім болған. Өзара тәжірибе алмастық, технологияларды пайдаландық», - деді Сүлейменов Ұлттық банкте өткен брифингте.

Ол Ресей тарапының бұл шешімді толықтай қолдағанын айтып өтті.

«Мәскеу биржасы санкцияға түсіп қалғаннан кейін олар бізге серіктес ретінде «Біздің санкциялық статусымыз KASE кәсіпорнына кедергі келтіреді» деді. Сондықтан құрамнан шығу туралы шешім қабылданған. Жақын уақытта Мәскеу биржасы акционерлер құрамында болмайды», - деді ол.

Айта кетейік, 12 маусымда АҚШ Ресейге қарсы санкцияларды күшейткен болатын. Мәскеу биржасы да санкцияға түсіп қалған. Сол күні доллармен, еуромен сауда жасау тоқтатылатынын мәлімдеген еді. Кейін Гонконг долларымен де сауда жасауды тоқтатты. Шілдеде Қазақстан қор биржасы Мәскеу биржасының акцияларын сатып алу туралы келіссөз жүргізіп жатқаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары