456
ШҚО-да оқушы қызға әлімжеттік көрсеткендердің желіде видеосы тарады
Полиция күдіктілердің ата-аналарын жауапкершілікке тарту мақсатында тиісті шараларды қабылдады.
Желіде Шығыс Қазақстан облысында оқушы қызды қатарластары тізерлетіп кешірім сұратып жатқан видео тарады. Полиция аталған фактігіе қатысты қылмыстық іс қозғады.
Оқиға Зайсан ауданында болған. Видеода оқушы қызға бір топ қыз әлімжеттік көрсеткен. Оны боқтап, жерге тізерлетіп кешірім сұратқан.
«Қазіргі уақытта күдіктілер анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар тәртіп бұзған қыз балалар мектепішілік есепке алынып, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына тиісті ұсыныс енгізілді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге ақпараттар жария етілуге жатпайды», - делінген ақпаратта.
Ведомство дерегінше, полицейлер бала тәрбиесіне байланысты өз міндеттерін орындамағаны үшін күдіктілердің ата-аналарын жауапкершілікке тарту мақсатында тиісті шараларды қабылдады.