Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бозбала кеше көз жұмған болатын.

Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Әлеуметтік желі
Автор
Админ
1054

Белгілі сазгер Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы Абылайдың қазасы туралы ақпарат кеше тараған еді.

Суыт хабарды алғашқылардың бірі болып Ләйлә Сұлтанқызы жеткізген болатын.

Кейін Мақпал Жүнісова қара жамылған отбасына көңіл айтып, Абылайға қастандық жасалғанын мәлімдеген.

Ал Баян Мақсатқызы осыдан біраз уақыт бұрын «Астарлы ақиқат» бағдарламасында әкесі Арман Дүйсенов жайлы айтылған жайттардың Абылайға ауыр соққы болып тигенін айтты.

Дегенмен нақты өлім себебі белгісіз.

Алматы Полиция департаменті бозбаланың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Аталған факті бойынша Бостандық ауданының Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді Алматы Полиция департаменті.

Серіктес жаңалықтары