Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының кезекті қарсыласы белгілі болды

WBO Жәнібек Әлімханұлының кезекті қарсыласын атады

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының кезекті қарсыласы белгілі болды
Коллаж: metaratings.kz
1248

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына міндетті қарсылас тағайындады, деп хабарлады turkystan.kz.

WBO Алімханұлының командасына (16-0-0,11 КО) британдық боксшы Хамза Ширазбен (21-0, 17 КО) жекпе-жек келіссөздерін бастау үшін жағдай жасап жатыр. Егер тараптар 15 күн ішінде келісе алмаса, онда промоутерлік сауда-саттық тағайындалады.

Айта кетейік, Хамза Шираз WBO орта салмақтағы боксшылар рейтингінде 1-ші орында. Британдық боксшы сонымен қатар Достастық бокс кеңесінің титулы мен EBU European және WBC Silver атақтарына ие.

Серіктес жаңалықтары