283
Прокуратура Қарқаралы ауданының тұрғындарына ескерту жасады
Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында және түрлі әлеуметтік желілерде Қарқаралы ауданындағы өртке қатысты жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті.
Тексерілмеген мәліметтер жарияланып жатыр.
Мұндай жалған мәліметтер келеңсіз қоғамдық пікірді қалыптастырып қана қоймай, қоғамдық тәртіпке де теріс әсер етеді.
Жалған ақпарат тарату қылмыстық жазаланатын іс-әрекет болып табылады және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Осыған байланысты, Қарқаралы ауданының прокуратурасы азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және осы құқық бұзушылықтың жасалуына жол бермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.